Мас жүргізушіге жол жоқ

164

Шымкенттік көлік жүргізушілер масаң күйде рөлге отыруды қайта әдетке айналдыра бастапты.

Бұған кең көлемде жүргізілген рейдтік шара барысында көз жеткізілді. Шұғыл шараға жол және патрульдік полиция өкілдері мен арнайы жасақ жұмылдырылды.

Екі күнде полиция қызметкерлері 1090 ереже бұзушылықты анықтап, 193 автокөлік айыптұрағына қойылды. Көлікті мас күйінде басқарған 33 жүргізуші ұсталды.

Қанша айыппұл салынып, қанша рет ескерту берілсе шымкенттік жүргізушілер рөлге ішпей отыруда үйрене алмай-ак койды. Мас халде көлік жүргізген басқаны айтпағанда өзінің өміріне қауіпті екенін түсініп баға алмағандар, тағы да айып тұрағына жөнелтілді.