Қарттарға қамқорлық жасалды

Балалар бір сәт сергіп қалды

«Қайырлы таң, ардагер» атты акция аясында мектеп оқушылары қарттарға көмек көрсетіп, қамқорлық жасады.  Олар сабақтан тыс уақытта  оқытушылармен бірге соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне келіп, шаруашылығына көмек көрсетті. №26, 30, 45 мектеп ұжымы мұндай шараларды тек қарттар мерекесі қарсаңында ғана емес, жиі әдетке айналдырған. Ал қариялар соғыс жылдарындағы естеліктерден айтып беріп, оқушыларға ақ баталарын берді.