Үрей туғызған парақты таратушы үш адам ұсталды

257
Салтаната Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы

Мақтаралда  үрей тудырып отырған 8 парақтар табылды.  Оны таратқан белгісіздер 71 адамды ұрлап кететіндерін айтқан,  үнпарақтағы үрей сөздердің барлығы қолмен жазылған.

Тәртіп сақшылары осы жазуға қатысы бар үш адамды ұстады, оның  екеуі ер азамат болса, біреуі әйел баласы.

ОҚО ІІД мәлімдеуі бойынша, қылмыстық іс қозғалып үлгеріпті. Біз осы іс барысын қадағалайтын боламыз.