Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығындағы жөндеу жұмыстары

30 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген орталық жаңа кейіпке енетін болады

Балалар және жасөспірімдер орталығы құрылысшылардың қолына өтті. Өйткені,  онда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тіпті ғимараттың шатыры да алынған.

Құрылысшылар ғимараттың тек  сыртқы келбеті мен терезе жақтауларын ғана жаңартып қоймай, коммуникациялық жүйелері де толықтай ретке келтіреді. Мұндай күрделі жөндеу жұмыстары ғимаратта 30 жылдан бері жүргізілмепті.

Орталықтың сыртындағы жұмыстар жаңа жылға дейін аяқталады деп жоспарлануда. Ал оған дейін  электрлік жүйелерді, су және жылу құбырларын алмастырады.

Күрделі жөндеу жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан балалар және жасөспрімдер орталығыөз жұмыстарын жалғастырып, түрлі мерекелік іс-шаралардан қалыс қалмауда. Үйірмедегілерді аула клубтары мен 50-ге жуық мектептерге бөлген. Әзірге би топтары ғана баспанасыз. Сондықтан, олардың бұл мәселесін қалалық білім бөлімі айналысуда

Оқушылар мен ата-аналар жөндеу жұмыстардың аяқталуын асыға күтуде. Орталық директоры Наталья Романованың айтуынша тіпті келесі жылда да құрылысшыларға жұмыс табылады. Есесіне құрылыс аяқталғаннан кейін балалар және жасөсіпірмдер орталығы Шымкенттегі ең әдемі, сәулетті ғимараттардың бірі болады. Тіпті ол опера және балет театры сынды кейіпке енеді дейді.