Соңғы уақытта БАҚ-ның қай түрін алып қарасаңыз да, жылудың жырын жырлап кетті. Соның 18-і сыни материалдар екен. Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев шұғыл баспасөз мәслихатын өткізді. Мұнда қаламыздағы жылудың бүгінгі жай-күйімен таныстырып, толық мәліметтерді жария етті .
«Сіздер киім кигізіп әдейі түсіресіздер»- деген әкімнің мәліметі бойынша, бүгінге дейін жылу әлі қосылмаған жалғыз үй бар көрінеді. Ол да сол көпқабатты үй тұрғындарының жылудан бас тартқандықтарының салдарынан екен. Қазір үйдің ішкі жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп те жатыр. Ал орам ішілік жылу магистралінде орын алған ақауға байланысты екі үй жылусыз отыр. Сондай-ақ түрлі ақауларға байланысты жылуы сапасыз 38 үй бар. «3-Энергоорталық» АҚ мамандарының мәлімдеуінше, мекеме гидравикалық режимге еніп, жылу берілуі 82 қайтарымы 54 градусты құрапты. Ал жылуға қатысты келеңсіздіктер алдағы екі күнде толығымен реттеледі деген ақпарат берілді .
Өздеріңіз естігендей, үйдің ішкі жүйесіндегі ақауға байланысты жылу ала алмасаңыздар оған ешкім кінәлі емес, дер кезінде «3-энергоорталықпен» келісім- шарт жасауларыңыз тиіс еді . Қала әкімі Арман Жетпісбаев: «Қала бойынша 40 тан астам көпқабатты үй түрлі себептермен сапасыз жылу алып отыр»- деді. Алай да біздің студияға шалынған қоңырауларға сүйенсек әкімдіктің берген тізімінен бөлек жылуға жарымай жылап отырған жетлестеріміз жеткілікті. Атап айтар болсақ, Байтұрсынов көшесіндегі 5а үйде,» Нұрсат» шағынауданындағы 163 және 164 үйде жылу жоқ.Сондай- ақ Сайрам шағын ауданы 10, 8 шағынауданындағы 27 үйде жылу жоқ. Бұл тізімнің әлі өспесіне кім кепіл?! Жылу мәселесін көтерген «Нұр Отан» ХДП жылу берушілерге қойған басты кінәратты жылу маусымы аяқталысымен магистралдық жүйедегі суды төгіп техникалық талаптардың бұзылуына жол беретіндіктерін алға тарты. Ол бірінші кезекте құбырлардың ішін тоттандырып, қайта су жібергенде бүкіл жүйеде тығын пайда болады, одан қалса көпқабаты үйлердің жертөлелеріне жөндеу жұмыстарын жасағанда жұмыс сапасын тексеру мұмкіндігі болмайды.
Жылуберушілердің кейбір жауапсыздықтарынан біраз үйлер жылымай, бала-шағасы жаурап отыр. Ескеріңіз, үй жылымай жүректе жыламайды. Сын жарияланды деп ақталмас бұрын, ақиқатын ашып алған жөн болар.