Қаладағы жылуға қосылған үйлер

231
қазандық

Шымкентте жылу маусымы басталды. Қаладағы 200 көпқабатты тұрғын үй және мемлекеттік мекемелерді жылуға қостық дейді жылу беруші мамандар. Алғашқы күні қаладағы 31 аурухана мен емханалардың 5-уі орталықтандырылған қазандықтың жылуына қосылды. Ал 29 мекеме жеке қазандықпен жыланады екен.  Білім саласына келер болсақ қалалық білім беру бөліміне қарасты 153 нысанның 58 жылу алды,  53 жеке қазандықпен жылынады. Оларға қажетті 3502 тонна қатты,  240 тона сұйық отын жеткізілген. Қалған мектептер мен бала бақшалар жылуға 10 қарашаға дейін толығымен қосылады деп сендірді жергілікті басшылар.

Биылғы қыста жылудан қиындық көруі мүмкін деген қаламызда екі шағынаудан бар. Жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары басталған Сайрам шағын ауданындағы 5 мың 700 шақырым құбырдың тең жартысында жұмыс аяқталмады. Ал теріскей шағын аунындағы 61 көпқабаты үйге баратын жылу жүйелері жаңартылды.

3 мектеп пен бала бақшаға және шалғай теріскейдегі 11 үйге жылу берілді. Қалған 28 үйдегі жаңарту жұмыстары бүгін толығымен аяқталып, жылу қабылдауға дайын болмақ. 40 дәнекерші жұмысқа жұмылдырылыпты. Жалпы алғанда бұл мердігерлер мен жергілікті билік өкілдерінің берген ресіми ақпараты. Ал жылудың шын мәнісіндегі жағдайы 10 қарашадан кейін мәлім болмақ.