Қарағанды мен Шымкент жастары ғаламтор арқылы байланысқа түсті

1 сағатқа созылған бейне-ғаламтор конференцияда түрлі тақырыптар талқыланды
1 сағатқа созылған бейне-ғаламтор конференцияда түрлі тақырыптар талқыланды

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тәуелсіздік құрдастары» атты бейне-ғаламтор конференция өтті. Конференция Ж. Бектұров  атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханысының оқырмандарымен өткізілді.

Шараға қаламыздағы белгілі қаламгерлер мен тілшілер, Тәуелсіздік құрдастары – студент жастар мен №1 Дарын мектеп-интернатының оқушылары қатысты.

Екі қаланың жастары ғаламтор конференция барысында «Тәуелсіздік Қазақстанның қалыптасуында қандай елеулі оқиғалар болды, бұлардың еліміз үшін қандай маңыздылығы қандай?», «Мемлекетімізді әрі қарай көркейтіп гұлдендіруде алға қойған мақсаттарыңыз қандай?» сынды тақырыптар бойынша өз ойларымен бөлісті. Кездесудің мақсаты – екі жақты студенттердің байланысын дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту.