12 жылдық білім беру жүйесі енгізілуде оқулықтар жетіспейді

№8 гимназия оқушылары

Әлемде жалпы білім берудің 12жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Франция, Германия, Чехия, Италия елдерінде қабылданған. Енді 4 жылдан соң, біз де осы жүйені енгізуіміз керек. Оңтүстік Қазақстанда 6 мектеп эксперимент жұмыстарына қатысуда. Атап айтсақ, ол Шымкент қаласындағы №8 үш тілде оқытатын «Дарын» мектебі, Созақ, Ордабасы,Төлеби аудандары мен Ленгір, Арыс, Түркістан қаласындағы білім ордалары.

№8 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары 12 жылдық оқу жүйесінің алғашқы бастамашылары. Оқушылар 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқылы әлемдік деңгейде өзге құрдасстарымен теңесетініне сенімді.

 Сания Қаржаубай, оқушы: «12 жылдық оқуда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсырақ игереміз. Сағатымыз да көп. Салыстырғанда жақсы деп ойлаймын. Бұл бағдарлама өте маңызды деп білемін. Білімімізді тереңдетуге, еліміздің болашағының жарқын болуына үлес қосудамыз деп ойлаймын».

Ал мұндай шәкірттерге білім беру мен тәрбиелеудің негізі болатын – әрине, ұстаз. Қазіргі таңда мұғалім шығармашылық ізденістегі педагогикалық жаңа әдістерді жете меңгерген, кәсіби, ой өрісі кең, қоғамда белгілі роль атқаратын қайталанбас тұлға болуы тиіс. Талап солай.

Марина Ли, №8 гимназияның ұстазы: «Біз Алматыда, осындағы біліктілікті артыратын инстиутта 10 күндік курстардан өттік. Осы әзірге жеткілікті деп есептеймін».

10 күндік курстар ОҚО педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қабырғасында өтеді. Жергілікті, республикакалық бюджеттерден бөлінген қаржыға бүгінде 8 мыңнан астам ұстаз курс оқып үлгерген. Барлығы болашақта 12 жылдық жүйемен білім беруі тиіс мұғалімдер. Білім сапасын арттыруда оқулық мәселесі де маңызды. Қазіргі уақытта 12 жылдық мектеп талабына жауап беретін оқулық жоқ дейге болады. Эксперименттік оқулықтар сасапын жетілдіруді қажет етеді.

Жалпы білім берудің 12 жылдық үлгісі мектептерге толығымен 2015 жылы ендірілмек. Санаулы жыл ішінде оқу орындарының материалдық техникалық базалары толық жабдықталып, сақадай сай болуы ләзім.