«3-ші жылуэнергоорталық» 39 мың қарызын өндіріп алмақшы

246
жылуберушілердің сот отырысы

Шымкент қаласы, Абай ауданындағы сотта Айнабековтың төрағалығымен қарызды өндіру соты жүріп жатыр. Талапкер жылуберуші орталық қайтсек қарызды аламыз дейді. Ал жауапты жақ, жылу мен ыстық судың жеткізушілермен отырған келісім-шарт жоқ, облыстық басылымда жарияланғаныммен заңды емес деп отыр. Өйткені, онда бірінші басшысының қолы болмаса, екінші монополияға қарсы органның келісімі де жоқ көрінеді.

Куәгер ретінде сот отырысына қатысып жатқан 8-шағанауданның тұрғындары да жылудың сапасыз екендігін алға тартуда.

Бұл отырыстың түйінді шешіле ме деп жатқанда, іс күтпеген жерден бұрылыс алды. Жауапты жақтың өкілі жылу берушілер түзген техникалық келісім шартындағы тұрғындардың қолдары жасанды болып шыққанын дәлелдеп, жылу берушілерге қарсы қылмыс іс қозғауды талап етіп отыр.

Осы мәлімдемеден соң, жылу орталықтың заңгерлері сот залынан түсірілім тобын шығаруды өтінді. Бірақ сот төрағасы бұл өтінішті орындамады. Соттың соңы немен аяқталатынын алдағы күндері білетін боласыздар.