Еркін күресшілер де ерледі

526
Ел кубогының иелері

Қарағандыда өткен жарысқа оңтүстіктен 9 палуан қатысты. Нәтижесінде,96 келі салмақта Жұмағали Маумтов, 120 келі салмақта Ержан Дүйсенбеков алтыннан алқа тақса, 84 келі салмақта Ермек Байдуашев, 55 келі салмақта Ғабит Төлепбаев күміс медальға ие болды.

Командалық есепте бас жүлде де шымкенттіктердің еншісінде  болды. Енді жерлестеріміз келесі сынаққа дайындалуда. Алда ел чемпионаты күтіп тұр. Жылдың басты жарысында ептілік танытып, кезекті рет жеңіс тұқғырына көтерілсек деп палуандар жоспар құруда.

Шахтерлар қаласында облыс намысын қорғай білген жеңімпаздарды облыс спортының тізгінін ұстаған Полат Қырықбаев та арнайы құттықтап, алдағы дүбірлі жарыстарда топ жаруына тілектес екенін айтты.