Кеміргіштердің саны кеміді

306
күрес басталды

Қаладағы кеміргіштерге қарсы дәрілеу яғни деретизация жұмыстары аяқталды. Нәтежесінде Абай ауданы бойынша 4 млн 560 мың шаршы метр, Әл Фараби ауданында 3 млн 976 мың, Еңбекші ауданында 4 млн 300 мың шаршы метр аумақ дәріленді.

Көктем айында Шторм дәрісін қолданған мердігерлер күзгі жұмысқа Гарантекс және Бромбы Д препаратын қолданды. 20 күнге созылған жұмыстың нәтижесі бойынша ертеңнен бастап дезинфекция шаралары жүрігізіледі.

Бір жетінің ішінде мамандар өлген егеуқұйрықтарды арнайы орындарда жоятын болады. Бұл жұмыстардың бәріне жыл басынан бері қала бюджеті 43 млн 200 мың теңге қаражат бөлді.