Оңтүстіктің палуандары арасында мықты анықталды

242
ауыл жеткіншектері ОҚО құрамасынан орын алу үшін таласқа түсуде

Аудандардағы спорт ордалары арасындағы спартакиада әлі де жалғасын табуда. Бұл жолы 176 палуан белдесіп, облыс құрамасынан өз орнын алу үшін ептілік танытты. Барлығы 16 ауылда спорттың бұл түрі қарқынды дамуда. 12-13 жастағы еркін күрестің шәкірттері арасындағы жарыстар биылдыққа аяқталған. Енді олардың ішінен үздіктерді іріктеп, бапкерлер келесі жылға жоспар құруда.

Жүздеген жеткіншек  үшін бұл жарыс үлкен спортқа қадам басуға мүмкіндік. Бүгінгі турнирде көзге түсе білсе облыс құрамасын толықтырады. Ол дегеніміз чемпондар Республикалық сынақта ептілігін байқайтын болады.

Жеңімпаздардың алдында жалғыз мақсат тұр – ол облыс құрамасының сапында ептілік танытып, Республикалық жарыстардың алтын медаль иегері атану.