Шымкент зообағындағы құстар қысқы мерзімге дайын

324

Қаламыздағы хайуанаттар бағында құстардың 55 түрі бар. Соның 15 түрі Қызыл кітапқа енген. Жалпы, Шымент зообағында 255-тен астам құстар мекендейді.

Бүгінде Шымкент зообағы қысқы маусымға дайындықты аяқтап қалды. Суыққа төзімсіз құстар жылы жерге көшіріліп, ұялары қоршалып жатыр. Су құстарына да жағдай жасалынуда.

Зообақ қызметкерлері қысқы маусымға су құстарына  жылы ұя дайындап қойған. Тау, дала құстарына да вольерлер дайын. Құстардың тамақтануы да қыстық және жаздық рацион болып екіге бөлінеді. Далалық сарыш, аққұйрықты субүркіттер күніне қыс мезгілінде әрқайсысы 450 гр. ет жейді екен.