Шымкентте 2 рейс бөгелді

 Бүгін жүзден аса адам төрт сағаттан бойы Шымкенттен Астанаға ұша алмады. Оқиға орнында болған біздің тілшілеріміздің айтуынша, бүгін 2 рейс бөгелген.

Ұшақтар ұшуға дайын, бірақ мұз тайғаққа қарсы сұйықтық себіліп, жол өңделмегендіктен аспанға көтерілуге мүкіндік болмады.

Бейресми өкілдің тілшіге хабарлауынша, бұл арнайы құрылғы аэропортта жарамсыз жағдайда болған. Оның үстіне, Алматыға Шымкенттен ұшатын ұшақ бөгелген.

Бүгін тағы Шымкенттен Үрүмші, Стамбул және Ташкент бағытында да ұшақтар аспанға көтерілуі керек.