Шымкентте жанармай тапшы

189
жанармай бекетінде бензин жок

Шымкентке соңғы 10 күн ішінде ешқандай бензин әкелініп жатқан жоқ. Тапшылықтың көкесі енді басталғандай.

Қаладағы барлық жанармай құю бекеттерінде өтімді деген АИ-80 және АИ-92-де жоқ. «Кінәлі тасымалдаушылар емес, шығарушылар»- дейді жанармай құюшылар ассоциациясының төрағасы Қ.Қамбаров.

Ал Шымкенттік мұнай өңдеу зауытының жанармай шығармай жатқанына бір айдың жүзі болыпты. Керек десеңіз, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» компаниясы жанармай бекеттеріне бензиннің ай соңы дейін болмайтыны туралы хат таратқан.

Қайыпбек Қамбаровтың айтуынша, бұның басы алып зауыттың күрделі жөндеу жұмыстарынан басталған көрінеді. Тауар қоры таусылып бітті, дағдыланған өнімді қайта шығару әзірге мүмкін болмай отыр. Оның үстіне электр энергиясының үзілуіне байланысты болған апаттық жағдайдан соң, ШНОС-та есін жия алмай жатыр.

Негізінде біздің өңір ай сайын -8 мың 300 тонна бензин алып отыру керек. Оның 90% Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытынан шығарылады. Ал бір жарым мың тоннасы Павлодар және Атыраузауыттарынан әкелінеді.

Облысымыздағы 126 жанармай құю бекетінің 80-і ғана жұмыс істейді, алайда оларда жанармайды талон арқылы босатуда.