Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында «Әдемі» балабақшасы Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында бой көтерді.
Бұл нысан, бірден 280 балаға құшағын аяқара ашты. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу орталығы бұл ауылдың ең басты сұранысы еді. Өйткені ауылдағы бөбекжайлар тар болуымен қатар, балалар сыймайтын. Енді міне көптің тілегі қабыл болып, ауылдың дәл ортасынан екі қабатты жаңа балабақша салынып, пайдалануға берілді.
Заманауи үлгіде бой көтерген «Әдемі» бөбекжай бақшасының ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімі Асқар Мырзахметов ата-аналар қауымымен кездесті.
Облыстық бюджеттен бөлінген 459 млн.125 мың теңгені игеріп, осындай нысанды дер кезінде пайдалануға беріп отырған «Лидер-НК» ЖШС-нің еңбегін ерекше атауға болады.
Мұрат Қуанышбаев, «Лидер-нк» ЖШС-ның бастығы: «Біз ойланбай балабақша құрылысының сапалылығына уәде береміз. Республика бойынша салынып жатқан бөбекжайлардың ішіндегі ең ерекшесі екеніне де сеніміміз мол. Мұнда соңғі үлгідегі құрылыс тауарлары қолданылды. Ең бастысы, балалар үшін барлық жағдай жасалды.»