Қазақстандықтар жалақыларының үштен бір бөлігін коммуналдық қызметке төлейді

179
коммуналдық төлем

Бұл тұжырымды Mojazarplata.kz интернет-ресурсы мәлімдеп отыр.
Сауалнамаға 5134 адам қатысыпты.

Респонденттер «Сіз жалақыңыздың қанша бқлігін коммуналдық қызметке төлейсіз?» деген сауалға жауап берген. Сауалнама жүргізілген елдердің басым бөлігі «коммуналдық қызметке жалақымның 30% төлеймін» деп көрсеткен. Дәл осылайша Белоруссиялық тұрғындар 39,66%, ресейліктер- 27,46 % , Әзірбайджандар-24,74 %, украиналықтар 19,31 % жауап берген.

Ал 41 % қазақстандықтар айлықтарының 30% коммуналдық қызметке құятындарын көрсеткен. Бұл көрсеткішке барлық отандастарымыз сөзсіз қосылып отыр.

Mojazarplata.kz интернет-ресурсының мәліметтеріне сүйенсек коммуналдық қызметке бүкіл айлығын құятындар да кездеседі екен. Өйткені олардың жалақысы ең төмен.