Әртістер бүлдіршіндерге ертегідей жаңа жылдық мереке сыйлады

Аяз ата мен Қарша қыз да бұл күні басты қонақтардың бірі болды

Облыстық қазақ драма театры  мен орыс драма театрының әртістер ұжымы балалар үйінің бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық мерекелік кешті бастап та кетті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Жаңа жылды балалардың бір жыл бойы күтетіні анық. Сондықтан алыстан келетін АЯз ата мен қарша қыз, түрлі ертегі кейіпкерлерінің ішіндегі қорқақ қоян мен Қызыл телпек, қу түлкі мен өлмейтін Кащей, қарақшылар мен ханшайым-барлығы балақайларға қуаныш сыйлауға тырысты.

Орыс драма театр ұжымы  №3 балалар үйі мен №2 көзі нашар көретін мүмкіндігі шектеулі бүлдиршіндерге арнап жаңа жылдық мерекеден кейін «Буратино» ертегісін сахналады. 100-ден аса балалар қызықты ертегіні тамашалады.

Ал драма театр әртістері балаларға табиғи жасыл шыршаны ұрлауға кеген қарақшылар мен батыр мысық, қоян бейнелерінің қатысуымен ашты. Ертегі әлемінен келген кейіпкерлермен бірге би билеп, ән салған балдырғандар Аяз атаға тақпақ айтып, сыйлықтан да құр қалмады. Жаңа жылдық мерекелік кеш  31-желтоқсанға дейін жалғасады.