Қар жауса болды Шымкентте қозғалу қиын. Түнімен жауған қар, таңертеңнен көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді бірәз әбіржітті. Қала көшелерінің тазалығына жауапты «ЛТД тұрмыс» ЖШС мен» Юг дорсервис» мекемесінің мамандары көше жолдарын қардан тазартуға таңғы сағат 4-тен бастап кіріскенін айтып ақталуда. Нәтежесінде құм себуге кешігіп қалыпты техника да жетіспейді дейді мамандар.
Алайда доңғалағы тайып көше кептелісінде тұрған жүргізушілер мен жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік иелері жол тазартушылардың жұмыстары көңілімізден шықпады дейді. Көлік иелерінің қысқа дайын еместігін доңғалақтары тайып, жол үстінде қалған көліктерден байқау қиын емес. Тіпті жедел жәржем көрсететін мекемелер де көліктерін қысқа сай етпепті.
Шымкент қаласындағы көше жолдарының тазалығына жауапты екі мекеме таңертеңнен бірі 15, екіншісі 13 тиісті техникасын жұмылдырған. Қаладағы 120-ға жуық көше қардан тазартылып тұз аралас құм себілді.
Ал екінші дәрежедегі көшелер туралы сөз айтудың өзі артық. Басты көшелерді тазарта алмай жатқан мекемелер ондай көшелерге мұлдем бас сұқпайды. Міне осыдан кейін қаладағы техника мен жауапты мамандар қысқа дайын деп айтып көріңіз.