Мақтаралда ауылдар газдандырылып жатыр

Мырзашөлдегі ағайын Тәуелсіздіктің 20 жылдығын лайықты табыстармен қарсы алды. 15 желтоқсан күні ауданға Шымкент бағытынан кіре берісінде орналасқан Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік» монументі мен «Мырзашөл» кіші композициясы салтанатты жағдайда ашылды.
Ауыдан тұрғындары үшін жасалынған тарту-таралғы мұнымен шектелмейді.

Әсіресес, Ынтымақ ауылдық округі Нұр, Талапты ауылдарына табиғи газ құбырының іске қосылуы үлкен қуанышқа бөледі. Достық ауылдық округіндегі Ғ.Мүсірепов жалпы орта мектебі, Жетісай қаласындағы «Нұрсайын» балабақшасы пайдалануға берілді. Елдің мерейі артып, рухы көтерілді.

Мерейлі мерекенің қорытынды салтанаты Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өтті. Бұл жиында аудан әкімі С.Тұрбеков елдің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген аудандағы 17 азаматқа Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған естелік медаль мен Құрмет грамоталарын, құттықтау хаттарды салтанатты түрде табыс етті.
Жалпы мерекелік бағдарлама аясында өткізілген іс-шараларға 2 мыңға жуық еңбек ардагері, ауыл ақасақалдары, зиялы қауым, қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдері, мекеме ұжымдары, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.