Шымкенттегі № 20 мектепте де шырша тойы тойланды. «Ару аналар» қоғамдық бірлестігі мен Петро Қазақстан Продактс компаниясы да балаларға арнап мерекелік кеш өткізіп, сыйлықтармен қуантты.
Аяз ата мен қарша қыз, тіпті ертегідегі Алиса да бүлдіршіндердің көңілін тауып, шырша тойдың қызықты өтуіне ат салысуда. Көп балалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан 150-дей бүлдіршін жаңа жыл қарсаңында осылайша қуанышқа кенелді. «Ару аналар» қоғамдық бірлестігі «Петро Қазақстан Ойл Продактс» компаниясының демеушілігімен балаларға ертегідей концерттік бағдарлама ұсынды.
Қоғамдық бірлестікке мүше көп балалы және тұрмыстық жағдайы төмен 800-дей ата-ана бар. Ал жаңа жылдық шырша сол аналардың балаларына арналды. Ұйымдастырушылар балақайларға тәттілермен қатар түрлі сыйлықтар сыйлап, бүгінгі күннің ерекше өтуіне ат салысты.
Түрлі ойыншықтар ілінген жасыл шыршаны тамашалаушылар аяз атамен бірге ән айтып, би биледі. Мереке кезінде сыйлық күтетін балақайларға қуаныш сыйлауды ұмыт қалдырмайтын компания және бірлестік мүшелері қайырымдылық шараны жыл сайын өткізеді.