Шымкентте оқытушы өлтірілді

250

АҚШ елінен келген оқытушының өлі денесі жалдамалы пәтерінен табылған. Мәйітте зорлықпен өлтірілген фактінің ізі де жоқ көрінеді. Ресми емес, бірақ сенімді дерек көздерінің мәліметінше, пәтер есігі бұзылмаған, зорлық-зомбылықтың ізі де білінбейді.

Тәртіп сақшылары көз жұмған шетелдік оқытушының басында полиэтиленді қапшықтың болғанын айтады. Қазір криминалистер өлімнің себеп-салдарын анықтауда. Нәтижесінде бұл өзін-өзі өлтіру ме, әлде басқа ма, белгілі болары сөзсіз.

Шымкенттегі жалдамалы пәтерінде қайтыс болған АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатының 23 жасар тұрғыны Давид Ян. Ол Тілдер Академиясында ағылшын тілінен сабақ берген.