Шымкенттің БАҚ өкілдері арасында Тәуелсіздік мейрамына арналған жарыс өткізді

184
Ернар Балабеков - "Отырар" ТА қызметкері

Руслан Балабеков – «Отырар» телеарнасының намысын әр спартакиада барысында қорғайды. Бұл жолы ол ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бильярдтан жарыста шеберлігін сынға салды. «Петро Казахстан Ойл Продакс» компаниясы тілшілермен бірлесе турнир ұйымдастырды.

Русланның қарсыласы да телеарна қызметкері. Алғашқы ойында сәті туған әріптес, келесі айналымдарда басым түсе алмады. 15 үміткердің тек үшеуі ғана жүлделі болды.

Бас бәйгеге тігілген айподты облыс әкімшілігінің қызметкері Батан Дүйсебай жеңіп алса, екінші орыннан Талғат Артықбаев көрінді. Ал жүлделі үшінші орынды Ділдабек Қалбұлатов еншіледі.