Жамбыл облысында көліктер қозғалыссыз қалды

Сурет www.otyrar-tv.kz сайтынан алынды

Аязды ауа райына байланысты Жамбыл облысында дизельді отын автокөліктерімен жолға шығуға шектеу мен тоқтату енгізілуде, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына қарай бағытталатын дизельді отынды пайдаланатын барлық автобустар мен жүк көліктері қозғалысын тоқтатқан.

Ал жеке аймақтағы республикаға шығатын Алматы-Ташкент, Алматы-Астана, Мерке-Шу-Бұрылбайтал бағытындағы автожолдардың жағдайы да мәз емес. Жауған қалың қар мен оның біз мезетте еріп, қайта мұз болып қатуы көліктердің қозғалысын қиындатып жіберген.

Жамбыл облысы ІІД жол басқармасының бастығы, полиция подполковнигі А. Советтің айтуынша, қалааралық жолдардың қауіпті аймақтарына құм себу секілді жұмыстарының дер кезінде жүргізілуі қатаң бақылауда және жол полиция қызметкерлері «Қордай», «Күйік», «Шақпақ ата» өткелдерін де назарда ұстауда.