ОҚО-ның кәсіпорындары табиғатқа нұқсан келтіргені үшін миллиард теңге қарыз

273
Кәсіпорындар келтірген шығынның айыппұлын төлемей отыр

Экологиялық кодекстегі заң бұзушылықтардан орын алған қарызды кәсіпорын қызметкерлері төлеуге асығар емес. Табиғатқа келтірген залалы үшін салынған айыппұлдың әлі төленбегені туралы мемлекеттік экологтар мәлімдеді.

Кәсіпорын басшылары табиғатты пайдалану кезінде қандай талаптарға жауап беру керектігін білмейді. Осыдан кейін, мемлекеттік табиғат қорғаушылардың ойынша,  экологиялық заңнамаларды бұзу орын алады. Онымен қоймай өндірушілер еліміздегі экологиялық кодексті бұзғаны үшін салынатын айыппұлды төлегісі келмейді. Ал өз еріктері бойынша төлеген сома  31 миллионға жетер жетпес.

Экология департаменті Шу-Талас бөлімінің бастығы Рахымберді Өтебаев  22 кәсіпорынның 717 миллион теңгені өз ықтиярларынсыз төлеуге тура келетінін жеткізді. Бұл – экологтардың талабын қолдаған сот үкімі.

Экологтардың мәлімдеуінше, ең көп қарыз  – «КентауЭнерго» мекемесінің еншісінде екен.