Тұрмыстық қалдықтардың көбейгені елдің әл-ауқатының артқаны

257
әл ауқат артқаны ма қоқыс

Қалдық көлеміне байланысты оған төленетін ақы де көтеріледі. Норманы қалалық мәслихаттың депутаттары өткен жылдың үшінші тоқсанында бекітіп берген болатын. Енді қоқыс қалдықтарын шығарумен айналысатын мекемелер осы құжатқа сүйеніп, қаңтар айынан бастап қызмет көрсету түрі мен бағасын өзгертпек.

Көпқабаты үйде тұратын жеке тұлғалар үшін норма бір кісіге 1.7 текше метр болып бекітілген. 1998 жылы соңғы рет белгіленген норма 1.11 болыпты, ал жеке сектордың тұрғындарына 1.55. текше метрдің орнына 2 болып өзгертілді. Осылайша «Спецавтотранспорт» мекемесі көпқабаты үйде тұратын бір тұрғыннан 55 теңгенің орнына 83 теңге, жеке сектордан 76 теңгенің орнына 97 теңге төлемақы алады. 2011 жылдың қараша айында орын алған өзгерісті мекеме 1-қаңтардан бастауды жөн деп тапқан.

Ал заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметке төлем келісім шарттағы бағамен көрсетіледі. Әр кісіге шаққандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі мен бағасындағы өзгерістерге байланысты қоқыс алаңшаларынан қоқысты алып кетуді жиілету керек. Ол үшін қосымша жұмысшы мен техникалар қажет екендігі жасырын емес.

Андрей Васильевтің «Спецавтотранспорт» мекемесінде көлік жұргізушісі қызметін атқарғанына 20 жылға жуықтапты. Бұған дейін қоқыс алаңшаларынан тәулігіне бір мәрте алынатын қоқысты енді үш рет алуға тура келеді дейді ол.

Андрей Васильев: «Біз бұрын бір екі рет қоқыс шығарсақ, енді үш-төр рет келуімізге тура келеді. Шығарылатын тұрмыстық қалдықтардың көлемі өте көп».

Бағаның өсуі көрсетілетін қызметтердің де сапасына әсер етуі тиіс. Қала тұрғындарының тұрмыстық қалдықтарының 70 пайызын шығаратын мекеме қала аумағы қаншалықты өскеніне қарамастан қамти алатындығына 100 пайыз сенімді. Себебі, мекеменің өзін-өзі толық қаржылындыруға мүмкүндігі толық жеткілікті.