Қылмыстық жауапкершілікке тартылған баласы үшін ата-анаға айып тағылады

516
Бүкілқалалық ата-аналар жиналысы өтті

Ақ сүт беріп өсірген ұл-қызының тәрбиесін уысынан шығарып алмауы үшін ата-ана қырағы болу керек. Бұл – бүкілқалалық ата-аналар жиынында айтылған сөз. Дегенмен, баласының болашағына тек мұғалім бас қатыру керек дейтін ата-аналар да аз емес,-дейді жиналғандар.

Бүкілқалалық ата-аналар жиналысы өтті

Биыл шілде айында ОҚО-да кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылған болатын. Бүгінде жасөспірімдерге қатысты 50 қылмыстық, 200 азаматтық, 60-тан астам әкімшілік іс сот қарауында жатыр. Енді қылмыс жасаған баланың ата-анасы да жауапсыз қалмайды дейді осы басқосуға келген сот төрағасы.

Серікбай Төлепбергенов, ОҚО кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы: «Баласы қылмыс жасаған ата-ана да жауапсыз қалмайды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған баласы үшін ата-анаға «өз дәрежесінде тәрбиелемегені үшін» айып тағылып, айыппұл тағайындалады».

Кейбір қала мектептерінде ата-аналар комитеті үшін арнайы кабинет қарастырылған. Сол ата-аналардың сұрануымен. Балаларының болашағына бей-жай қарай алмайтын ересектер осы жиында өз ұсыныстарын айтты.

Нұрділдә Сейділдаев, №51 мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы: «Мектептің өндіріс бағдарламасын қайта қарау қажет. Тәрбие жұмыстарына көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Әрбір ата-ана өз баласының кіммен дос, кіммен жолдас екенін біліп жүруі керек. Керек болса, телефон, мекен жайларын да жатқа білуі қажет».