Ресейдің үлкен циркі Шымкентте

490

Ресейдің үлкен циркі Шымкентке келді. Күлкілі сайқымазақтар мен акробаттар, үйретілген аңдар циркке келгендердің көңілін көтеріп тастады. Арнайы шоу-бағдарламалар ұйымдастырған ресейлік әртістер бұл күні ұтыстар да ойнатты.

Ұмытылмас әрі қызықты шоу шымкенттіктерді цирк өнерінің өлкесіне жетектей әкетті. Нәзіктік пен сұлулықтың сырын ұқтырған әуе гимнастарының өнері жиналғандарға керемет әсер сыйлады. Әсіресе әуе жонглері Юрий Ермоловтың ерекше әрекеті әлемде теңдесі жоқ.

Юрий Ермолов, цирк әртісі: «Мен әлемнің көптеген елдерін араладым. Шымкенттегі цирк ғимараты керемет екен. Мұнда өнер көрсету өте ыңғайлы. Көрермендер де өнерге деген сүйіспеншілігін жасырмайды. Сондықтан айтар алғысым мол.»

Үйретілген жануарлар цирк бағдарламасын жандандыра түсті. Аң патшасы арыстан да шымкенттік сахнаның сәніне айналды.

Жұрттың таң қалдыра білген темір Алекстің өнері Гиннестің рекордатр кітабына енген. Әртіс темір шынжырды шыбын құрлы көрмегенімен қоймай, металды майырып, үстінен автокөліктің жүріп өткеніне қыңқ еткен жоқ.

«Келіңіздер, көріңіздер!!! Әр бағдарлама сайын көрермендерді қуантар тартумыз да сан түрла болмақ. Эксклюзивті, қызық қойылымдар мол бізде»-дейді темір Алекс

«Менің сүйікті циркім». Жиналған балалар арасында осындай суретшілер байқауы өтті. Жүздеген балғындар басты жүлдеге тігілген ноутбук үшін сайысуда. Айсұлу Монтаева жеңіске бір табан жақындады.

Ресейдің үлкен циркі балалар мен ересектердің де көңілінен шықты. Мұндай бағдарламадан әсерсіз қалғаны жоқ.

Гүлжазира Дархан: «Өзімнің қатарлас құрбыларымды Ресейдің үлкен циркін тамашалауға шақырам. Мен де отбасыммен бірге келіп, өнерлеріне тәнті болдық. Мұнда бәрі керемет. Әсіресе ауа акробаттары ұнады.»

Аяжан Сейіткамал: «Маған цирк қатты ұнады. Күшіктер мен тотықұстар, аю, қонжықтар, арыстан сондай сүйкімді. Сайқымазақ  та барын салып жатыр. Сол үшін де әртістерге рахмет.»

Айта кетейік, Ресейдің үлкен циркі қыркүйектің 23-не дейін Шымкентте қонақта болады. Ал билеттер қаладағы кассаларда сатылуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=a0wZRGdzbt0[/youtube]