Көңілі жарым балаларға қуаныш сыйланған күн

399
ға салғанын айтады

Ордалы Оңтүстіктің 80 жылдық мерейтойында өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар

Цирк өнерін тамашалаған балалар шаттанып отырды

мен балалар үйінің тәрбиленушілері назардан тыс қалмады. Жергілікті цирк әртістері Әлеуметтік жағдайы төмен жанұяның бүлдіршіндері де арнайы шақырды бұл шараға. Концерттік бағдарламасын ұсынған өнерпаздар көңілі жарым балардың жүзіне күлкі сыйлау мақсатында меркелік кешті ұйымдастырып отыр. Анығырақ айтсақ, бұл күні көңілді цирктің ғажайып қойылымдары өңірдегі жарымжан балалар мен балалар үйінің жеткіншектеріне арналды. Көңілдері алып ұшқан балақайлар цирктің кереметтеріне куә болды. №4 Сайрам балалар үйінің 18 жасар тәрбиленушісі Әйгерім Әшімова цирк әртістерінің шеберлігіне тәнті болғанын айтады.

Әйгерім Әшімова цирк әртістеріне алғысын білдірді

Әйгерім Әшімова, №4 «Сайрам» балар үйінің тәрбиленушісі: «Біз бүгін циркке №4 бабалр үйінің баоаоары болып – бір жанұя болып келдік. Біз өте қуаныштымыз бізге көңіл бөліп, қуантқаны үшін. Алғысымды білдіремін! Өте қызық болып жатыр. Бізге жұмбақ сыйқырларын көріп, таң қалып отырмыз. Әсіресе екі сайқымазақтың қойылымы қатты ұнады. Бір үстелге таласып, әзілмен ойнаған актерлік қабілеттерін айтсаңшы! Тұнып тұрған таланттарна қарап күлмеске лаж жоқ. Керемет! Барлығымыз ішек-сілеміз қатып рахаттана күлдік қой! Ресейден келген арнайы цирк те бізге сыйқырларын көрсетуде. Әуеде қалықтай билеген билеріне қарап қызығып отырмыз. Таң-тамаша болғанымызды жасырмаймыз. Алайда бұл өнерпаздарға тағы да шексіз алғысымды білдіріп, шығармашалақтарына табыс тілеймін! Ал бүкіл Оңтүстік тұрғындарына айтарым, 80 жылдық торқалы тойымыз құтты болсын. Тарихи мекеніміздің мерекесі бәрімізге ортақ. Сондықтан бәріміздің мерекені сезінуіміз дұрыс деп есептеймін. Бізді барлығымен тең көретін қоғамға рахметімді айтамын».

Бұл сайқымазақтар шоуы балалардың бүгінгі ең сүйікті қойылымы. Ал цирк әртістері жүздеріне күлкі сыйлау үшін аянған жоқпыз дейді. Жаңа қойылым жас балдырғандар мен жеткіншектерді ғажайыптар әлеміне саяхатқа жетеледі. Сондықтан балалр алған әсерін жасырмады.

Бағлан мен Бауыржан балаларға күлкі сыйлау үшін бар өнерлерін ортаға салғанын айтады

Бауыржан Бекберген, цирк әртісі: «Біз мұнда ешқандай қаражат талап етпей, тегін өнер көрсетіп жатырмыз. Мұндағы мақсатымыз – бұл балалардың жабырқау көңілін көтеру. Қоғамда өзіндік орны бар екенін сезіндіру. Бар өнерімізді ортаға салдық. Себебі, жүздерінен күлкі көру үшін. Сондықтан болса керек, жиналған балалардың барлығы да біздің қойылымымызды қайта қоюымызды өтінді. Олардың айтуынша, барлығының көңілінен шығыппыз. Бұл – біз үшін үлкен құрмет! Ешқашан бұлай қуанып көрмеппін. Олармен бірге қуанып, олармен бірге шаттанудың өзі бізге ерекше серпіліс сыйлағанын айтқым келеді».

Бағлан Ережепов, цирк әртісі «Мейлі сайқымазақ болайық, мейлі «фаер шоу» қойылымын көрсетейік, ең бастысы осы балалардың көңілін көтерсек болды деген меже қойдық. Бар ынтамызбен күлдіруге тырысып, әртістік қабілетті барынша қолдана алдық. Нәтижесінде, балардың барлығы да ду-ду етіп күліп, түрегеліп қол соқты, қошемет көрсетті! Бар ұққаным – біз өзіміздің күткен күлкімізді балаларға сыйлай алдық. Мынау аңдар мен құстар, әуеде қалықтаған жонглер – барлығы да балалардың көңілін аулай алды деген ойдамын».

Цирк алаңындағы аңдарға аңтарыла қараған балалрдың шаттанғаны байқалып-ақ тұрды. Бір сәтке болса да сыйқыр-ғажайып әлемде жүргендей күй кешті. Сонда да жәудіреген көздері – терң сырды бойына бүккендей. Көз алмай тамашалаған олар алған әсерімен бөлісті.

Мұхаммед Джоев, № 3шымкент балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Мен аңдарды көрдім.

Мұхаммед сайқымазақтар шоуы қатты ұнағанын айтады

Ұшатын жонглердің шеберлігін тамашаладым. Алайда ең ұанаған нөмір ол – сайқымазақтар. Әсіресе, үстелге таласып, құстарша ұшқандарына таң қалдым. Міне, өнер! Болашақта мен де цирк әртіс болғым келеді. Алайда әуеде қалықтап, елдің қошеметіне бөлену үшін не істеу қажеттігін білмеймін. Үлкейгенді міндетті түрде үйренемін деп ойлаймын. Мен сайқымазақтарға мың алғымыды білдіремін. Өте қызық болды! Шоулары да керемет! Мұндағы достарым да тек сол сайқымызақтарды айтып отыр. Енді біразға дейін аузымыздан түспейтіні анық. Барлығымзы қуантты. Апайларымызға айтып баратын болдық. Мен өмірімде екінші рет цирк тамашалап жатырмын. Әрине, апайларым бұл жолы да циркке барамыз деп ертіп келді. Бірақ осындай қызық болады деп ойламаған едім. Қарап отырсам, тамаша нөмірлер қойылды. Ресейден де әртістер келіпті, әуеде биледі. Орыс ұлтынан болса да біздің айтқандарымызды түсінгендей түсінгендей ишара танытты. Ал біз алғысымызды білдірдік!»

Осылайша 1188 балаға мерекелік көңіл күй сыйлады өнерпаздар. Шарапаты мол шара алдағы уақытта жалғасын табады деп күтілуде. Себебі, көңілі жарым балалар әрдайым махаббатқа зәру.