Кітап электронды болады

Подпись к снимку
Кітап электронды болады

Оқу құралдары мен оқулықтарға толы мектеп оқушыларының сөмке салмағы 7-8 келіні құрайтынын көріп жүрміз. Мұндай ауыр салмақ буыны бекімеген бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізеді. Осы мәселеге алаңдаған ата-ана Білім және ғылым министрлігіне оқулықтарды электронды форматтағы оқулықтармен алмастыруды сұрап, хат жолдапты.

Министр Бақытжан Жұмағұлов қазіргі кезде әлемдік стандарттарға сәйкес электронды оқулықтар шығарудың қолға алынып жатқанын жеткізіпті. Министрдің айтуы бойынша, «Оқулық» республикалық орталығы осы бағытта жұмыс істеп жатқан көрінеді.