Шымкенттегі №65 мектеп дарынды оқушыларды даярлайтын болды

746
ҰБТ-ден кейін біраз мектеп директоры жұмыстан босатылды

Биылдан бастап №65 мектеп-гимназияда ең дарынды балалар білім алады. Нұрсұлтан Назарбаевтың зияткерлік мектебі базасындағы мектепте бүгінгі таңда 2700 оқушы оқиды. Бұл білім ордасында балаларды еркін ойлауға мән беріліп, жас жеткіншектерден көшбасшылар дайындау үшін қыруар тірліктер жасалуда.

Жас маман Мақпал Тленшиева бұл мектепке Сарығаш қаласынан ауысып келген. Үш ай демалысында білімін жетілдіріп, зияткерлік мектепте сабақ беретін сертификатын да алды. Енді жаңа әдістермен ағылшын тілінен сабақ беремін дейді.

Мақпал Тленшиева, мұғалім:»Жаңа технология мен жаңа әдісті 3 ай жазда меңгеріп, оқып келдік. Бұл әдіс бойынша бала өзін еркін ұстауға бейімделеді. Бұрыңғы Кеңес Одағы кезіндегідей жасқаншақтық болмайды. Енді мұғалім 45 минут сөйлемейді. Сабақтың 10 пайызында ғана жаңа тақырыпты түсіндіріп, бағыт-бағдар береді. Қалған 90 пайызын оқушы өзі ізденіп, өзі сөйлейді».

№65 мектептің биылғы бітіруші түлектерінің қуанышында шек жоқ. Өйткені олар интеллектуалды мектептің базасындағы білім ордасын бітіріп, үздік университетке түсе аламыз деп сенеді.

Меруерт Нұрғазы, 11-сынып оқушысы:»Мен осындай мектепті тәмамдайтыныма қуаныштымын. Біздің мектеп осындай атаққа лайық. Ең бастысы білімді болып, жоғары оқу орнына тұсіп, елімнің азаматы болсам деймін».

Бұл мектеп ең озық құралдармен жабдықталған, білім алуға қажеттінің барлығы бар. Мұғалімдер де өз тәжірибесін өзге оқытушылармен бөлісуге дайын.

Қатира Қадырбаева, №65 мектептің директоры: «Мұнда үлкен сын мен жауапкершілік  тұр. Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында оқушыларды даярлап, тәжірибемізбен бөлісу үлкен ізденімпаздықты талап етеді. Бұл күнде мұғалімдерге барлық жағдай жасалған. шетелден ғалімдар шақыртып, барлық соңғы технологияны меңгертіп беріп жатқан Елбасымызға үлкен рахмет. Ендігі мақсат-сол аманатты ақтап,егеменді елдің есті ұрпағын даярлау»»

Жиырма бірінші ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Елімізді алға жетелейтін білімді ұрпақ осы мектепте тәрбиеленбек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0zD-sUoIseU[/youtube]