Жаңалықтар 

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына — 25 жыл

Ауған соғысының аргдагерлері үшін бұл күн бұрынғысынан өзгерек. Өйткені, олар мереке қарсаңында көптен көрмеген қарулас достарымен кездесіп, арқа-жарқа болысып қалады. Солардың бірі — Сарыағаштық Қайрат аға. Күнгейдегі қан майданға 1985 жылы аттанған қас батыр Парван провинциясының Жабал усараж уезінде 2 жыл борышын өтепті.

Қайрат Қалмұрзаев, Ауған соғысының ардагері: «Біз Ауғанстанға соғысқа, ұрысқа деп барған жоқпыз. Біз ол елге интернационалдық борышымызды атқаруға бардық. Сол елге және халқына жәрдем беруге бардық. Менің қолымда кейбір қаруластарым қайтыс болды. Оның барлығын айтып сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол жігіттердің жатқан жері жайлы болсын. Оның ішінде орысы да бар, қазағы да бар. Совет үкіметі кезінде әскерге шақырылған ұлттың барлығы бар.»

vlcsnap-2014-02-18-12h16m27s84

Шымкенттегі Абай саябағында Ауған жерінен қайтпай қалған ұландарымызға қойылған ескерткішке мереке қарсаңында гүл ұстай келген жастардың қарасы қалың болды. Мұнан өзге облыс басшылығы да интернационалист сарбаздарды алғыс хаттармен құттықтады. Түс ауа шаһардағы мейрамханалардың бірінде Ауған соғысының ардагерлеріне дастархан жайылып, Сабыр Рахымов атындағы төс белгі табысталды.

Серғали Рысбеков, облыстық ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы: «Алдағы 4-мамыр күні осы Ауған соғысы ардагерлері болып бірігіп, халық қаһарманы Ертаев ағамыздың ұсынысымен сол орден мен медальді Оңтүстік Қазақстан облысының азаматтарына берейін деп жатырмыз.»

vlcsnap-2014-02-18-12h17m53s170

Ауған жеріне облысымыздан кеткен азаматтардың саны 2 мыңнан асады. Олардың 960-сы қан майданнан оралмаған. Ал 347 сарбаз елге мүгедек болып келді. Қазақ жерінен аттанған ұландардың ерлігі біздің жадымызда мәнгіге жаңғырып тұрары анық.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz