«SAMSUNG» тұтынушылар арасында ұтыс ойынын өткізді

431
"SAMSUNG" дүкені ұтыс ойынын ұйымдастырды

«Самсунг» дүкені жерлестеріміз үшін керемет ұтыс ойынын өткізді. Қаламыздағы бірегей бренд-дүкені тұтынушыларына қымбат бағадағы смартфондар мен тұрмыстық техникалар және заманауи теледидарлардың иесі атануына мүмкіндік сыйлады. «Самсунг» дүкені ұтыс ойында басты бәйге – шетелде демалуға екі жолдаманы да тікті.

"SAMSUNG" дүкені ұтыс ойынын ұйымдастырды
«SAMSUNG» дүкені ұтыс ойынын ұйымдастырды

Көрермендер қоржыннан шыққан әр санды демін ішіне тарта бақылап отыр. Тұтынушылардың бәрі де «Самсунгтың» арнайы сыйын иеленгісі келеді. Айтулы ұтыстың ішінде басты сый – шетелге 2 бірдей жолдама болды.

Нәдір Кәрімов, «SAMSUNG» дүкенінің директоры: «Бұл жолдаманы жеңіп алғандарға сертификат беріледі. Онда 400 мың теңге қаржы бар. Бұл ақшаны шетелге ұшуына ғана емес, сол елден қалаған дүниесін сатып алуына да болады.»

«Самсунгтың» ұтыс сыйлары тігілген ойынға кез келген адамның қатысуына мүмкіндігі болды. Бұл үшін ағымдағы жылдың 10 -ақпанынан бастап 25-наурызына дейін осы бренд-дүкеннен 30 мың теңгеден жоғары өнімді сатып алу қажет болған. Енді, міне, ұтыс жеңімпаздары анықталып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yBj6x4NWXos[/youtube]

Гаухар Сапарқызы:»Басқа компаниялармен салыстырсақ, маған бәрібір «Самсунг» ұнайды. Смартфондары заманауи, экраны да ерекше әдемі келеді. Көш бастап тұр ғой. Әспеті мен сапасы келіскен өнімдерді неге тұтынбасқа?!»

«Самсунгтың» ұтысына қатысуды қалап, оның өнімдерін ұтып алуға үлгермей қалғандарға өкінудің қажеті жоқ. Себебі мұндай арнайы сыйлар мен ұтыс ойындары әлі де жалғасады.

Ұтыс ойынға жүздеген жерлесіміз қатысты
Ұтыс ойынға жүздеген жерлесіміз қатысты

Айта кетейік, «SAMSUNG» дүкені тек Оңтүстік Кореяның түпнұсқа өнімдерін ғана ұсынады. Жоғары сапалы өнімдерді саудалап жүрген «SAMSUNG» дүкені Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы №7 үйде орналасқан.