Аналар құрметке бөленді

311
Аналар құрметке бөленді

Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары әйелдер қауымына құрмет көрсетті. Қызметкерлер ұлағатты ұстаздар, іскер әйелдер мен көпбалалы аналарды және үздік мектеп оқушыларын арнайы шақырып, сый-сыяпат табыстады. Мереке иелері үшін ән айтылып, көңілдеріне қуаныш ұялады. Айтулы сый-құрметтен тұрғындардың тынышын сақтап отырған үй төрайымдары да шет қалған жоқ. 

Аналар құрметке бөленді
Аналар құрметке бөленді

 Ләззат Қожагелдиева, үй төрайымы: «Керемет кеш өтіп жатыр. Шынымды айтсам, мені әкімдік құттықтайды деп күткен жоқпын. Тек құттықтап қана қоймады, сыйлық тапсырды. Рахмет! Үй төрайымы ретінде алдағы күндері де жұртшылықпен жұмыс жасай беремін. Елімнің болашағы үшін осылай үлес қосамын. Тұрғындардың, коммуналдық болсын, басқа болсын, проблемаларын билікке айтып, ортақ мәселені бірге шешіп жүрміз.»

Ғалымжан Ільясов, Еңбекші ауданының әкімі: «Біздің Қазақстанның үлкен елге айналып, тәуелсіздікті алуы жолында да әйелдердің еңбегі ересен! Жасаған жақсылықтары мен еңбектерін біз ешқашан ұмытпаймыз! Мереке қарсаңында әйелдер қауымын құттықтауды жөн көрдік. Барша қыз-келіншектер мен аналардың мерекелерінде армандары орындалсын деп тілеймін!»

Айта кетейік, бір ғана Еңбекші ауданындағы 218 мың тұрғынның басым бөлігін қыз-келіншектер құрайды. Бұған қоса ауданның 514 алтын құрсақты анасы бар. 781 күміс алқа иегері құрметке бөленіп жүр. Мереке аясында әкімдік мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды да аралап, сыйлықтар үлестіруді жоспарлап отыр.