Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына министр келді

219
орталықтың жұмысымен танысты

Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің сапары облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жалғасты. Министр жеке кәсіпкерлермен кездесіп, олардың нарыққа шығарып отырған тауарларымен танысты. Кәсіпкерік саласындағы түйткілдер министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте қаралды.

 орталықтың жұмысымен танысты

 Басқосуға қатысқан бизнесмендер несие беруде банк шарттарын жеңілдетуді ұсынды. Алайда іскер азаматтардың бұл ұсынысы лауазымды қонақтар тарапынан қолдау таппады. Министр мемлекеттік бағдарламада қарастырылған несие шарттары қолынан іс келетін кәсіпкерлерге ғана қолайлы екенін жеткізді. Болат Жәмішев, сондай-ақ, әрбір кәсіпкер бизнес-жоспарды сауатты жасау қажет деді.