Зейнеткердің өз кәсібі бар

319
Зейнеткер кәсіпкер

Зейнет жасындағы Меруерт Көлбаева кәсіпкер атанды. Қиыншылыққа мойымаған ІІІ топтағы мүгедек жасы алпысқа таяғанда адал кәсіппен айналысып, қаржы тауып жүр. Жеке бизнесі үшін ғимарат іздемеген. Өз пәтерінің ішінен тігін цехын ұйымдастырған. Зейнеткердің бастамасын шенділер қолдап, көмек қолын созыпты.

Зейнеткер кәсіпкер
Зейнет жасындағы кәсіпкер

Тиісті кеңес пен қажетті қаражат алған тәуекелшіл әйел қасына қолы бос көршілерін тартыпты. Сөйтіп, үшеуі бірігіп, төсек жабындыларын тігуге кіріскен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PSVfI1MVcaQ[/youtube]

Меруерт Көлбаева, зейнеткер: «Менің көмекшілерім – өзімнің көршілерім. Біз бұл үйде көршілермен тату-тәтті тұрамыз. Бірақ қазір бәрі жұмыссыз отыр. Әрі бір жағынан «Осыларға да жұмыс ашсам ба» деген ойым да болды. Құдайға шүкір, міне, арманым іске асты.» 

Зейнеткердің шағын тігін цехы

Меруерттің мамандығы – есепші. Кәсібінің табысы мен шығыны да өзінің қолында. Тігіншілеріне мата тасып, дайын болған өнімді тексеріп, өткізеді. Ал базарда шетелдік тауарға қарғанда қолдан тігілген төсек жаймаларына сұраныс көп екен. Сондықтан өнімдері өтіп тұр. Жұмысын жаңа бастаған зейнеткер шымкенттік жаңа брендті енді «МериКей» деп атамақ ойда.