Жеңіл жүрісті қыздар балаларын сатқан

431
балалар "тірі тауар" болып тұр

Облыста тағы да бала сату дерегі әшкере болды. Бұл жолы екі бірдей нәрестенің тағдыры саудаға салынған. Бірі 250 мың теңгеге, ал екіншісі небәрі 150 мың теңгеге саудаланыпты. Бұл жайында облыстық прокуратурада өткен бала сату фактілеріне қатысты брифингте мәлім болды. Бұл жолы балалаларды «тірі тауарға» айналдырғандар Мақтаарал ауданының тұрғындары болып шықты.

Балалар "тірі тауар" болып тұр

42 және 38 жастағы қос келіншек те бір перзентке зар болған әйелдер. Екеуі де жеңіл жүрістегі аяғы ауыр қыздарды туыстарының көмегімен тауып, келіссөз жүргізіпті. Босана салысымен баласын беруге жүкті қыздар да қарсы болмаған. Жас аналар перзентханада босанған. Ал құжат рәсімдеуді жеңілдету үшін болашақ аналары шекара асып, «Өзбекстан елінде босанды» деген құжат алып келіпті. Қазір осы екі іс бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Облыс прокурорлары мәлімдегендей, 2012-2013 жылдар аралығында 166 баланың белгісіз жағдайда асырап алынғаны әшкере болды. Яғни, нотариалды түрде аналары бас тартқанымен, бұл жәйттен тиісті органдар хабарсыз болып шықты. Бұған қатысты он бірдей іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.