Жер дауын қалалық әкімдік бақылауға алды

249
"Солтүстік Саяжай"шағынауданындағы үйлер

Шымкент қаласының әкімдігі «Солтүстік Саяжай» шағынауданы тұрғындарының мәселесін шешуге кірісті. Бүгін әкімдік алдына жиналған 200-ге жуық шағымданушының тізімі жасалып, құжаттарының көшірмесі тіркелді.

Базынасын арқалаған жұрттың тілегі – «Ақ ниет» кооперативінен үлестірген жер телімдерін заңдастыру. Естеріңізге салайық, 7-наурыз күні аталған елдімекен тұрғындары облыс әкімдігінің ғимаратына жиналып, наразылық шарасын өткізген еді.

"Солтүстік Саяжай" шағынауданының тұрғындары қала әкімдігіне жиналды
Тұрғындар бұл жолы қала әкімдігіне жиналды

«Солтүстік Саяжай» шағынауданы тұрғындары бұл жолы қала әкімдігіне жиналды. Өздеріне «Ақниет» өндірістік кооперативі үлестірген жер телімін заңдастыруды діттеген жұрттың бір бөлігі құжаттарын арқалай келсе, басым көпшілігінде жерге берілген мемлекетттік акті де жоқ. Құжаты барының да жері кепілдікке тұрған көрінеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=w2i5HcL_veE[/youtube]

Қазір әкімдікте арнайы комиссия құрылған. Бірақ жұмысын жабық жағдайда жүргізуде. Алдымен тізім жасалып, заңды түрде тексеру жүргізіледі екен. Ал шағымданушылардың жер телімі не себепті кепілдікте тұрғанын ешкім ашық айта алмайды.

Қасымбек Сайлауов, қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы: «Бүгін құжаттарын тіркеп жатырмыз. Не себепті мемлекеттік акт берілмегенін анықтайтын боламыз. Заңды түрде шешім қабылдаймыз.»

"Солтүстік Саяжай"шағынауданындағы үйлер
«Солтүстік Саяжай» шағынауданы

Жергілікті биліктің сөзіне сенсек, бұл даудың нүктесі бүгін-ертең қойылмайтын сияқты. Ал мыңға жуық қарапайым халық «Барымыздан айрылып қаламыз ба» деп қауіптенеді.