Үлгілі аулалар мен үздік төрайымдар байқауы басталды

377
Үлгілі ауланың бірі

Жыл сайын мамыр айында өткізілетін «Үлгілі аула», «Үздік төрайым» байқауы Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй тұрғындарының арасында бәсекелестік туғызды. Нәтижесінде әр тұрғын өз аулаларын абатандырып, балалардың уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге жағдай жасап отыр. Осылайша оларбайқаудың жеңімпазы болудан үмітті.

Үлгілі ауланың бірі
Үлгілі ауланың бірі

16-шағынауданындағы №39 үйдің тұрғындары таң атысымен көршілерін аралап, осыдан екі жыл бұрын жөнделген аулаларын жаңартуға қаржы жинап жүр. Отбасында жас баласы барлардың бәрі өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды сырлауға қиналмай ақша береді. Бір қызығы, бала қиялындағы ертегі кейіпкерлерінің бәрі қажетсіз болып қалған тұрмыстық заттардан жасалған. Осылайша тұрғындар екі қоянды бір оқпен атып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8pcM4v0xntQ[/youtube]

Биыл Еңбекші ауданындағы 18 көпқабатты үйдің ауласы жөнделді. Нәтижесінде ауданда жаңартылмаған аула қалмайды екен. Өткен жылы бюджет қаражатына тозығы жеткен 224 аула қайта құрылған болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ootTapVJr-c[/youtube]

Аудан әкімдігі енді орамішілік тазалықа үлкен мән бермек. «Спецавтотранспорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері әкімдік бекіткен кестеге сай күн сайын шұғыл топты аулаларға жұмылдырады. Алдағы уақытта тазалықтан да байқау өткізу жоспары тұр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UVRMNhqdtlM[/youtube]