Чернобыль апатына – 28 жыл

Биыл Чернобыль атом элекр станциясында болған қайғылы жағдайға 28 жыл толып отыр. Арада осынша уақыт өтсе де, оқиғаның жаңғырығы естен шықпақ емес.

Чернобыль апатыЖылдағы дәстүр бойынша Чернобыль апатының мүшелері бас қосып, қайғылы сәтте жапа шеккен жолдастарын еске алды. Кездесуге студенттер де қатысып, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Айта өтейік, Оңтүстікте Чернобыль апатының 500-ге жуық мүшесі бар.

Бақытжан Әшірбаев, «Чернобыль одағының» төрағасы: «Чернобыль апаты мүшелерінің 80 пайызы ауруға шалдыққан науқас адамдар. Сондықтан оларға жылы сөз, қолдау өте қажет.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SWS7RI-1cEs[/youtube]