Студенттің өз құрдасын басынан атқаны бейнекамераға жазылып қалды (видео)

163
Қарудан оқ атқан күдікті

Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бірнеше аса ауыр қылмыстың бетін ашты. Солардың бірі – Кентау қаласында орын алған адам өлімі.

Қарудан оқ атқан күдікті
Қарудан оқ атқан күдікті

Оқиға 2014 жылдың 20-мамырында орын алды. Кентау қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне қалалық аурухананың жансақтау бөліміне 17-18 жасар жігіттің басынан алған жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол – 1996 жылы туылған, осындағы оқу орындарының бірінде оқитын жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жәбірленуші өзімен бірге оқитын оқу орнындағы жігіттермен болған жанжал кезінде травматикалық қарудан жарақат алған. Нәтижесінде зардап шеккен жасөспірім алған жарақатынан есін жимаған күйі мерт болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4bJopVEHOv8[/youtube]

Сол күні жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған Кентау қаласының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Ол өз қылмысын мойындаған. Айғақ зат ретінде ұсталған күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленіп алынды. Бұл қаруды сезікті қаладағы көшелердің бірінен тауып алдым дейді.

Тергеу кезінде анықталғаны сол күні екі топ арасында ұрыс шығып, нәтижесінде күдікті өзіндегі травматикалық қарумен жәбірленушінің басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Осыдан соң өзінің үйіне бара жатып, туыстарына болған оқиғаны айтады. Ал туыстары полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 96-бабы – «Адам өлтіру» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған бозбала қамауда жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=q5CrsTVKEeg[/youtube]