Жол-патрульдік полициясы инспекторларына қылмыстық іс қозғалды

1152
сурет интернеттен алынды

Шымкентте жол-патрульдік полициясы полкінің инспекторларына қылмыстық іс қозғалды. Оларға «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану салдары адам өліміне алып келді» деген айып тағылды. Қаладағы дәмханалардың бірінен футбол көріп шыққан азаматты сақшылар тоқтатып, оны күш қолданып арнайы көлікке мінгізген. Алайда одан орда бұзар 30 жастағы жігіттің тек мәйіті ғана түсіпті.

сурет интернеттен алынды
сурет интернеттен алынды

Маусымның 21 нен 22-не қарған түні тойдан шыққан жігіттер футбол тамшалауға дәмханаға барған. Ол жақтан танысын кездестірген Тұрдықұлов Ғұламжан оны үйіне жеткізіп салып, өзі көлігімен үйіне қайтып бара жатқанда оны арнайы көліктегі тәртіп сақшылары мәжбүрлеп тоқтатқан. Сол уақытта қасында болған күәгерлердің айтуынш полиция жасағы әлгі жігітті өз көлігіне күштеп мінгізіп алыпты.

Ихтяр Якупов,досы: «Екеуі жабысып, қолын майыстырып, қылқындырып машинаға салды. Көліктің жүргізушісі отырды, сол кезде Ғұламжан есікті ашып жіберді. Қарасақ, қылқындырып жатыр. Ықтияр деп мені шақырып жатыр.Барып, қойсаңдаршы, не істеп жатырсыңдар десем, жүріп кетті. Сонымен біздің машинаға бір патрульный отырды, айып тұраққа апарды «.

Алайда, көліктен 30 жастағы жігіттің тек мәйіті ғана түскен. Белгісіз жағдайда қаза болған жігіттің екі баласы жетім қалып отыр. Ал әйелі естіген хабардан есіңгіреп қалыпты. Туыстары кінәлі адамдар заңды түрде жауапқа тартылады деп үміттенеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yJSJk-0VtK8[/youtube]

Бегмат Тұрдықұлов, марқұмның әкесі:  «Ең соңында айтқандары, жүрегі ауырады дейді. Қалай жүрегі ауырады? Өмірде бір рет жүрегім ауырды деп шағымданған емес. Оны қылқындырып өлтірген, оны балдар көрген. Ереже бұзса, ішсе апарып тексер, көлік жүргізу куәлігінен айыр, заң бойынша шара көр. Неге өлтіресің сен, сонда іштің деп бәрін өлтіре береді ме? Құқыққорғаушылар осылай заңды белшесінен бұзатын болса, не керегі бар заңның?»

Бүгін осы жәйт бойынша ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі мәлімет тарқатты. Айтуынша, сол күні сақшылар өздеріне жүктелген міндетті орындап жүрген. Ал болған оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалыпты.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Жүрегі тоқтап қалған, автокөліктің ішінде.Қазіргі таңда, осы жәйтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тергеліп жатыр».

Сондай-ақ жол-патрульдік полициясы полкының қызметкерлері әлі күнге қызметте жүргені белгілі болды. Іс құжаттар арнайы прокуратураға жолданған. Екінші рет сараптама тағайындалғаны мәлім болды бүгін.