Облыс әкімі сенбілікке қатысты

510

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қолына күрек алып, сенбілікке қатысты.  Аяғына резеңке етік киген өңір басшысы шатқалда қарағай ағашын отырғызды. Сенбілікке депутаттар және қала әкімі де қатысты. Өңір басшысы алдағы уақытта бұл аумақ үлкен саябаққа айналатынын айтты. Сенбілік Самал шағынауданында шатқалда өтті.  

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:

  • Жақын болашақта тұрғындардың демалысы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Бұрындары мұнда қаланың бүкіл қоқысы тасталатын, қоқыс аумағы болған. Ал бүгінде айнала әсемдікке оранып, тыныштыққа мүлгіп тұр. Мұнда түрлі  ағаштар отырғызып, орманға айналдыруымыз қажет. Мұның барлығы да қала тұрғындары мен қонақтарының демалысы үшін жасалынады.