Спорт алаңшаларының құрылысы тоқтап қалды

205

Көпқабатты үй аулаларындағы спорт алаңшаларын салу кестесінің екінші кезеңі аяқталды. Алайда, жоспарланған алаңшалардың бүгінде тең жартысы ғана дайын. Құрылысқа тапсырыс беруші қала әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімінің мердігер мекемелермен жасаған алғашқы келісім шартында аталған жұмыстар қазан айының 10 жұлдызында аяқталуы тиіс болатын. Десек те, күні бүгінге уәде орындалмаған.

27 спорт алаңшасын тұрғызуға міндетті  «Қазақстан жол құрылыс компаниясы » ЖШС алаңшаның 12-сін ғана аяқтаған. Ол да толық емес алаңшаға қажетті спорт элементтері орнатылмапты. Ал көпқабаты үй аулалары тұрғындарының мердігерлердің жұмыстары шала деп көңілдері толмай отыр. Құрылысшылар қажетті материалдардың жоқтығын желеу етуде .

27 алаңшаның құрылысын жүргізуді екі басты мердігер ұтып алып қосалқы мердігерді жалдаған. Осылайша, «сен салар да мен салар атқа жемді кім салар «деп жүргенде бюджетен бөлінген қаражат игерілмей құрылыс жыл соңына дейін аяқталмай қалатын түрі бар.