Әйгілі қақпашы Құралбай Ордабаевтің жүлдесі сарапқа салынды

260
"Бейбарс" командасы жеңімпаз атанды

Шымкенттің ең кішкентай футболшылары арасында чемпиондар анықталды. Кеңес одағы кезінде әйгілі қақпашы болып, ел намысын қорғаған Құралбай Ордабаевтің жүлдесіне арналған жарыс биыл да спортшының туып өскен жері Шым қалада  бастауын алған болатын. Екінші жыл қатарынан облысымыздың 8-9 жастағы аяқдопшылары алтын медаль үшін таласқа түсуде.

Жүлделі орындар үшін жеткіншектер қарашаның 15-нен бері таласқа түсуде.  Әр ауданда өз чемпиондарын анықтап, ақтық кездесулерде 12 епті деген құрамалар өзара кездесті. Нәтижесінде, шешуші матчта жетісумен шымкенттік футболшылар кездесіп, мықты команданы анықтады.

Құралбай Ордабаев, футболдан спорт шебері, қақпашы: «15 жасқа дейінгі балалар арасында олардың ептілігін, дарындылығын байқауға болады. Сол себепті де 2001 жастағылардың арасында турнир ұйымдастырып отырмыз. Менің Алматыда қақпашылар мектебім жұмыс жасайды. Ең қызығы, бұл жаста балалар қақпашы болғысы келмейді. Тек кейіннен ғана олардың арасынан іріктеуге болады. Бір жағынан өзіме де шәкірт қарастырып жүрмін.»

Сөйтіп, 2001 жылғы балалар арасындағы турнирде шымкенттік бапкер Тұрғынбек Ахметовтың шәкірттері бірінші орыннан көрінді. Ал күмістен алқаны жетісайлық спортшылар еншілесе, алғашқы үштікті Қарабұлақтың аяқдопшылары жеңіп алды. Жүлделі орындарға ие болған жеткіншектер түрлі түсті теледидарды сыйға алды.

Тұрғынбек Ахметов, жаттықтырушы: «Біздің команда 2008 жылы құрылған. Бүгін жеңіске жетіп отырмыз. Менің үмітімді ақтап, енді алға бұдан да жоғары жоспар құрып отырмыз. Бұл балалардың арасынан 10-12 футболшы құрамада ептілік танытады деп сеніммен айтамын.»

Бұл турнир биылғы маусымды қорытындылайды. Келесі жылдан бастап жеткіншектер республикалық додаға дайындығын бастайды.