Аулалар мен ойын алаңшалары қирап жатыр (бейне)

222

Республика даңғылы №10 көпқабаты үйдің ауласы не себепті жаз бойы абаттандырылып балалар ойнайтын алаңша салынғанына тұрғындар әлі аң таң. Құрылыс аяқталысымен жылу құбырын жаңартушылар оны қайта тас талқан етіп жаяу жүргіншілер түгілі көліктердің қозғалысын қиындатты. Қаланың аулаларының бірінде осыдан бір ай бұрын балалар ойнады дегенге сену қиын. Түрлі түсті сырмен боялған ойын элементтері, тақтайдай тегіс төселген жол, жаңартылған жиек тастардың бәрі тас талқан. Ал бұл ауланы абатандырып ойын алаңшасын салуға бюджетен 10 млн. жуық қаражат жұмсалды.

Шымкент қаласының жылу жүйелерін жаңарту жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты игеруге кіріскен Шымкент күрделі құрылыс 205 ЖШС оңтүстік бөліктегі 6.2 шақырым жылу жүйелерін алмастырған. Нәтежесі осы. Қыс алқымнан алғанда асығыс басталған тірлік аяқсыз қалыпты.

Қала әкімдігінің ТҮКШ бөлімі осыдан үш жыл бұрын жоспарлапты сонда, осы көпқабаты үйдің ауласына салынған алаңшаны өзге аулаға алмастыруға кім кедергі жасаған. Немесе біткен істі бұзу әдетінен Шымкентік шенеуніктер әлі арыла алмағаны ма, қалай? [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SDsKgawmkyw[/youtube]