Тұрғын қалалық әкімшіліктен 775 700 теңге өндіріп алды

Сот ісі зейнеткердің пайдасына шешілді

Шымкентте бұрын соңды болмаған жағдай. Қала тұрғыны қалалық әкімшілікке қарсы сот процесінде жеңіп шықты.

Замира Рахматуллаеваның үйі Янгичек каналының жанында орналасқан. Бірнеше жылдан бергі тасқын судың салдарынан гараж бен шаруашылық үй жарамсыз болып, үй шөге бастаған. Прокуратура қызметкерлері кінәлілерді іздестіруді бастап кетті. Оларды тауып қана қоймай, заң бойынша өз жазаларын алатынына сендіруде.

«Бұл жағдайға қатысты кінәлілер жазаларын алады. Рахматуллаевтар жанұясына берілген ақша қалалық бюджетке қайтарылуы тиіс» – дейді, Әл-Фараби аудандық прокурордың көмекшісі Марлен Сариев.

Шымкенттік әкімшіліктің ешбір өкілі сот процесі кезінде қарасын көрсетпеді. Істі ауыстыру немесе кейінге қалдыру туралы ешқандай өтініш те түспеген. Әл-Фараби аудындық прокуратура өз қолымен жасағандардың өз мойнымен көтеретінін жеткізді.

Сайрам көшесінің өзге тұрғындары да зардап шегуде. Олар бірге тасқын сумен күресіп көрді. Каналды тазалап, бекітті де. Айта өтейік, өткен жылы Янгичек каналын қайта құру жұмыстарына қалалық бюджеттен 182 млн теңге жұмсалған болатын.

Нигматулла Рахматуллаев, жанұя басшысы:

«Қаншама жайттарды басымыздын өткізіп, күшімізді сарп еттік. Менің аяқтарым күн сайын сырқырап ауырады. Біраз адамдар зардап шекті»

Рахматуллаевтар отбасы алғаш болып су тасқыны бойынша қалалық әкімшілікпен соттасуда жеңіске жетуде. Енді олар шенеуніктердің есігін күзетпейтін болады. Ал барлық күштерін баспанасын қайта тұрғызуға жұмсамақ.