2012 жылдан зейнетақылар мен жәрдемақылар өседі

235
зейнеткерлер

2012 жылдың 1- қаңтардан бастап «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес ең төменгі зейнетақы мөлшері 17 491 теңге, базалық төлемақы мөлшері 8720 теңге мөлшерінде белгілену қарсатырылуда. Осылайша, 2012 жылы тағайындалатын ең төменгі зейнетақы төлемі (ең төменгі зейнетақы 17 491 + базалық төлемақы – 8720) 26 211 теңгені құрайтын болады.

Осылайша қаңтардан бастап зейнеткерлердің негізгі алып жүрген зейнетақылары 9 пайызға арттырылады. Ал 8000 теңге көлемінде төленіп келген базалық төлемақы, жаңа жылдан 8720 теңге көлемінде төленетін болады.

Мүгедектігіне, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері әр жылға белгіленген күнкөріс шегіне сәйкес анықталады. 2012 жылғы 1 қаңтарынан аталған жәрдемақылар күнкөріс шегі 17 439 теңгенің есебінен анықталатын болады, ал мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың мөлшерін анықтау, арнайы белгіленген айлық есептік көрсеткіш 1 648 теңгенің есебінен анықталады және бұл жәрдемақылардың мөлшері 2012 жылдың 1- қаңтарынан бастап 7 пайызға арттырылады.

Жаңа жылдан бастап, мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата –аналарға, қамқоршыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі жалақының есебінен, яғни 17 439 теңге көлемінде ай сайын төленетін болады.
Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақымен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі мемлекеттік жәрдемақылар мен жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар үшін арнайы белгіленген айлық есептік көрсеткіш 1 618 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бала тууына байланысты біржолғы берілетін жәрдемақы 2012 жылдың 1 – қаңтардан бастап бірінші, екінші, үшінші бала туылғанда 48 540 теңге, ал төрінші және одан кейінгі балалар туылғанда 80 900 теңге төленетін болды. Отбасында екі немесе одан көп бала туған болса, онда әрбір туылған балаға жәрдемақы жеке-жеке тағайындалып төленеді. Туылған бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін белгіленген мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері;
бірінші балаға 8316 теңгеден – 8899 теңгеге дейін;
екінші балаға 9828 теңгеден – 10 517 теңгеге дейін;
үшінші балаға 11 340 теңгеден – 12 135 теңгеге дейін;
төртінші және одан кейінгі туылған балаларға 12 852 теңгеден – 13 753теңге дейін көбейтіліп төленетін болады.