Ағзаны ауыстыруға донор болыңыз (PR)

Танысып қойыңыз. Мен Донормын. Шымкентте осындай атпен акция басталды. Денсаулық сақтау министрлігі мен бүйрек трансплантациясы бойынша «Үміт» атты мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі қазақстандықтарды өз еркімен донор болуға шақырады. Бүгінде 3 мың науқастың ішкі ағза мүшелері ауыстыруды қажет етеді.

Бүйрек – адамның ең кішкентай, әрі нәзік, ең бір маңызды мүшесі. Ол қан құрамын улы заттардан тазартып, ағзадағы суды сыртқа шығарады. Бүйрек күніне 200 литр қанды сүзгіден өткізеді екен. Әрі қан қысымын реттеп отырады. Егер аталған ағза зақымданып, істен шықса, адам өміріне қауіп. Бүгінде оны беру қажет пе, жоқ па деген сауал болмауы керек дейді «Үміт» белсенділері.

Ағза ауыстыру – көпшілік жағдайда адам өмірін аман алып қалудың жалғыз бір жолы. Шетелде ағзасын беремін дегендер әрбір 10 минут сайын кезекке тұрып, жазылады екен. Әзірге Шымкенттіктер акцияға қатысуда белсенділік танытып отырған жоқ.

Әкімжан Зайналов клиникада 30 жылдан астам еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында ағзаны ауыстыру операциясы 600 рет қана болған. Дәрігер көп адамның өмірін донорлар болғанда алып қалар ма едік дейді.

Ағзалардың донорлық жүйесі Испания елінде ғана жақсы көтеріліп келеді екен. Онда жарнамалық қызметтер қоғам пікірін өзгертуге мол үлес қосқан. Қоғам бірлестіктері, дәрігерлер қаламызда жарнамаға жүгінбейді. Олар тұрғындарды әзірге осындай «танысып қойыңыз – мен донормын» атты акция арқылы санасын оятпақ. Қазіргі уақыттың өзінде 3 мыңнан астам науқас ағзасын ауыстыруға мұқтаж. Дәрігерлер жерлестерімізді өз еркімен бұл шараға ат салысады деген сенімде. Өйткені, мұндай жағдайлар баршамыздың басымызға түсуі мүмкін ғой.