Электр жарығы мен жылу үшін тариф өзгермейді

220

Тұрғындар мардымсыз жылуға төлемейміз деп наразылықтарын білдіруде. Өздерінің мүддесін және құққығын қорғау мақсатында олар сотқа, тиісті органдарға шағымдануда. «3-Энергоорталығы» АҚ қызмет көрсетуіне қатысты ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ОҚО бойынша департаментіне 91 арыз келіп түскен.

Нұрмахан Жолдасов, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің төрағасы: «Электр жарығы мен тұтынылған жылу үшін тарифтер жылдың соңына дейін өспейді. Бұл коммуналдық қызметке бағаны өсіру негізсіз. Департменттің араласуымен ішкі жүйелерін жөндеу жұмыстарына заңсыз алынған төлемдер бойынша қайта есеп жүргізіліп 11 арыз иесіне 94 мың 473 теңге кері қайтарылды».

Инвестициялық бағдарламада жылу энергиясын өндіру және онымен жабдықтау қызметтеріне тарифті көтеру қарастырылғанымен ол саясат өңірдегі жұртшылықтың тұрмысына қарай жүзеге асады. 2011 жылдың соңына дейін электр жарығына тариф өзгермейді.

Ал коммуналдық қызмет түрлеріне тариф келер жылы өседі ме жоқ па ол уақыт еншісінде.